Posts Tagged ‘кафесі’

Сіз байқайсыз ба? Көшелердегі жарнамалар мен кәсіпорын маңдайшаларындағы жазулар қай тілде, қалай жазылған? Кәсіпорын аттарын шет тілде жазу, қазақ тілін қате қолдану сияқты мәселелер бұқаралық ақпарат құралдарында көтеріліп жүр. Оның  кейі өзгертіліп, кейі тиісті жауапкершілікке тартылып жүрсе де, көшеге шыға қалсаңыз қатеден әліде адасасыз. Бұл жағдайдың үйреншікті болып кеткені сонша, халық көшеде көрген қателерін көзбен түзетіп оқып жүре беретін күйге жетті. Бір жолы көшедегі қате жазуды суретке түсіріп алу үшін күте тұруын сұрағанымда, жүргізуші ағайдың: «осы журналистерде басқа тақырып жоқ па? Бір екі әріпте тұрған не бар? Дұрыстап қарасаң не екенін түсінесің ғой. Оның үстіне бұндай қате толып жатыр, қайсы бірін түзетесің?» деп тоқтамай қойғаны  есімде. Мен оған әрі ренжідім, әрі жаным ашыды. Тек ішімнен «Е, қазағым көнгішсін ғой» дегем күрсініп. (толығырақ…)