Алдыңғы орындық

Posted: Сәуір 26, 2011 in Uncategorized
Кілтсөздері:,

Демалыс күндері Ұлжанда тұратын туысқанымның үйіне барып тұрамын. Сол әдетімше 124-автобусқа шықтым.  Шыға сала алдыңғы орындықта отырған өзіміз қатарлас  қазақ сұлу қызына көзім түсті. Ұялы телефонын жаңа көргендей үңіле қарап отыр. Басын көтеруден қорқып отырғанын сезіп күлкім келді де сәл артқа жылжыдым.  Атакентке жетпей-ақ автобус іші лық толып ысып кетті. Көпшілігі жастар, орта жастағы тәтелер мен ағалар  еді. Алайда алдынғы орындық босамады. Абай даңғылына барғанда жүзін әжім басқан, көзі мейірімге толған ақ жаулықты ана кірді автобус есігінен. Екі көзім әлгі «аруда». Алдынғы орындық босамады. Кірпіктерін жиі қағып мазасызданып тұрған анаға қарап шыдамадым да: «Әжейге орын беріңізші!» дедім ақырын түртіп. Бетіме қарады да …..

Бетіме алая қарады да басын шайқады. Сұмдық, Тұла бойым шымырлап сала берді. Ары қарай сөзімді қор қылудың керексіздігін білдім де үнсіз қалдым. Тек әжейдің соңғы жақтағы бір апай босатқан орынға жайғасқанына қарап, «шүкір» дедім іштей. 

Тағы бір-екі аялдамадан соң бала көтерген жас ана кірді есіктен. Қыздің көзі телефонда. Алдынғы орындық босамады. «баламен орын береміз» деп ескертуіне құлақ аспаған соң,  кандуктор иығынан түртіп өзіне қаратып алды да ескертуін қайталады….

Алдынғы орындық босамады.

Пікірлер
  1. meirzhan айтады:

    Инвалид емес пе еді?

  2. nurlandos айтады:

    Жіліншігі жоқ шығар. Ондайлар көп бізде. Ертең қартаймайтындай безірейіп отыра береді.

  3. Erbol айтады:

    Үндемей басын шайқаса, қатты ауырып отырған шығар мүмкін.неше түрлі оқиға болады ғой. Жас болған соң ауырып отырмын деп айта алмаған шығар.Өткенде бір қызық болды. Автобусқа аппақ кимешек киген, әдемі қазақ апа кірді. Ыршып тұрып орын бердім. Апам отырды. Келесі аялдамадан орыс кемпір, (қазақ апамыздан жастау) кірді тележкі сүйреп. Жаңағы мен орын берген қазақ апам ыршып тұрып орын бергені бар емес па. Ана орыс кемпір Мәскеуде жүргендей келіп жайғасты. Шыдамай кетіп апа жастар бар еді ғой десем, «өз» апам орыс қой отырсын дейді. Не дерімді білмей қалдым.Арт жақтан біреулерді тұрғызып апамызға орын тауып бердік. Көз алдыма орысқа ыршып тұрып орын беріп жатқан апам әлі келеді. Санамызда әлі орысқа деген үрей сақталып қалған ба.

  4. urimtal айтады:

    @Erbol үрей емес, керісінше өзін үйдің иесі ретінде сезініп, өзгелерді қонақ деп сыйлағаны болар. Өз басым сондай көзқарасты құптаймын. Егер шынымен мемлекетті құраушы ұлт болсақ, онда апамыз тәрізді өзгелер үшін жауапкершілікті де мойнымызға ала білуіміз керек. Шаңырақ кімдікі екенін еске түсірту үшін осындай әрекеттердің өзі де жеткілікті болады. 🙂

Пікір қалдыру