Сіз байқайсыз ба? Көшелердегі жарнамалар мен кәсіпорын маңдайшаларындағы жазулар қай тілде, қалай жазылған? Кәсіпорын аттарын шет тілде жазу, қазақ тілін қате қолдану сияқты мәселелер бұқаралық ақпарат құралдарында көтеріліп жүр. Оның  кейі өзгертіліп, кейі тиісті жауапкершілікке тартылып жүрсе де, көшеге шыға қалсаңыз қатеден әліде адасасыз. Бұл жағдайдың үйреншікті болып кеткені сонша, халық көшеде көрген қателерін көзбен түзетіп оқып жүре беретін күйге жетті. Бір жолы көшедегі қате жазуды суретке түсіріп алу үшін күте тұруын сұрағанымда, жүргізуші ағайдың: «осы журналистерде басқа тақырып жоқ па? Бір екі әріпте тұрған не бар? Дұрыстап қарасаң не екенін түсінесің ғой. Оның үстіне бұндай қате толып жатыр, қайсы бірін түзетесің?» деп тоқтамай қойғаны  есімде. Мен оған әрі ренжідім, әрі жаным ашыды. Тек ішімнен «Е, қазағым көнгішсін ғой» дегем күрсініп. Read the rest of this entry »

Advertisements

Әйгерімнің құпия достан жазған естеліктерін оқып,  «құпия дос-2» ойынында «ең құпия құпия дос» грамотасымен марапатталғаным есіме түсті. Маған өз бөлмелесім, сырлас құрбым Әсел түсті. Ол менің жазу стилімді, қолтаңбамды жақсы таниды. Басында сәл алаңдағаныммен, оны алдау қиынға соқпады. Хаттарымды Айданаға көшіртіп тұрдым. Өзім бірге таң-тамаша болып қайта оқимын. Жейтін заттар берем де, түк білмегенсіп өзім де бірге жеймін. Келесі хатымда «неге бәрін Сәулемен бөлісіп жейсің? Оған бермеші!» деп жазам. Экономикалық жақтан көп шығындалмасам да, оны күнделік күлкіге бөлеп тұрдым. Әр күні «қарашы, маған былай хат жазыпты, мынадай сыйлық беріпті» деп риза болып көрсеткенде өзім де сондай қуанып қалатынмын. Осылайша «құпия дос-2» ойыны соңына жетті. Сол күні таңертең апайымның үйінен ет көтеріп келдім де, күні бойы көтеріп жүруден ерініп «мынаны асып жеңдер» деп жазып, Әселге беріп жібердім. Тағы өз сыйлығыма әріп формасындағы печеньелермен «saule» деп құрастырып салфеткаға орап салып жібердім. Риза болып сыйлықтарымды таныстырып тұрған Әсел печеньені қолына алып «salem» деп жазып жіберіпті деді. Ешкім ештеңе сезбеді. «Әселдің құпия досы кім екен?» деген сұрақ қайталап қойылғанда орнымнан тұрдым. Әсел әдетінше «енді сендерге мүлде сенбеймін» деді жымиып. Орынтай апайлардың шешімімен мен марапатталдым.    Басқа қызықтар келесі санда.

25теңге-3

Posted: Мамыр 14, 2011 in Uncategorized

25 теңге аса көп ақша болмағанымен, кей кездері бәрінен қымбат, бәрінен маңызды рөл атқарады.  Шапағаттың киносында 25 теңге шешім қабылдауға көмектессе, бізге сәт сапар сыйлайды. Әрине, бұл өткен шақта. Себебі, қазір жол ақысы 50 теңгеге көтерілді. 25 теңгенің маңызы зор кезінде қалтамызда 50 теңге болса болғаны барып келуге болатын жерлерден тартынбаушы едік (түрлі кездесу, тегін өтетін кештер, жыр бәйгелері т.б). Сондай тәуекелшілдіктен бас тартуға құрбымның  мен үшін жасаған тәуекелшілдігі себеп болды. Read the rest of this entry »

Барлық жігіттер қауымын мерамдарыңызбен құттықтаймын! қазақтың жігіттерімен мақтанамын. Алға, алға қазағымның жігіттері!

Адамзатты соттау

Posted: Мамыр 7, 2011 in Uncategorized
Кілтсөздері:,

Мен адасып жүрмін. Қайдан, қалай келгенімді білмеймін. Кереметтей үлкен сарай іші тым-тырыс. Жөн сұрайтын біреу кездесе ме деп әр есіктен бір сығалаймын. өзімнен басқа тірі жан жоқ. « сот залы» деп алтын әріппен жазылған бір есікке келдім, есікті сәл аштым да үнсіз тұрып қалдым…

Залда адам ғана емес, жан-жануар, өсімдік, су, топырақ бәрі бар екен. Бұл үнсіздікті «сот басталды» деген ғажайып дыбыс бұзды. Қанша қарасамда кімнің қайда сөйлеп тұрғанын көре алмадым. Бір қызығы сотта судия, қорғаушы, хатшы деген атымен жоқ. Кенет жаңағы жанға жақын, ғажап дыбыс тағы естілді: «ал, экология тұрғындары. Кезекпен сөйлеңдер». О, тәубә! Бұл кім, экология тұрғындары несі, олар не сөйлейді?… Бұл таңданысымды тағы бір тылсымдық сейілтіп жіберді.

–          Біз адамзатқа өкпеліміз. Осы күнге дейін үнсіз шыдап келдік. Олар бізді тоңса тамызық етті, үй салды. Қарындары ашса жемісімізді, дәнімізді жеді. Шаршаса саямызда дем алды. Олар демалатын оттегін де бір беріп тұрамыз. Ал олар бізге не істеп берді? «иә,иә» деп басқалары да қостап тұрды. Мен бұл дыбыс өсімдіктер жақтан шыққанын анық естідім, әрі олардың сөзін түсініп тұрмын. Олар біздің тілде сөйлеп тұр ма, әлде маған ерекше қасиет дарыда ма, түсінбедім. Read the rest of this entry »

Журналист және өмір

Posted: Мамыр 7, 2011 in Uncategorized

Ызғарлы қыста жер беті аппақ. Ағаштар да ақ жамылғы жамылып мүлгіп тұр. Жалғыз адам. Ол – журналист. Ақ далада қара нүкте секілденіп мұңайып отыр. әлде неге қаһарланған қатты аяз әжім басқпн ақшыл жүзін тіліп жібере жаздап, шүйлігіп тұрса да ол сезер емес. Себебі, жүрегіндегі жанын өртеп бара жатқан ыстық жалын сыртты ойлауға маза берместей жандырып барады.

Ішіндегі сұрапыл айқасқа шыдай алмай ашумен аузы жыбырлайды. Жай жыбырламайды, ыстық пен суықтан кеберсіп, кеуіп кеткен ерні былай деп өміріне мұң шағады:

– Ей, өмір. Неге сонша әділетсіз, түсініксіз едің? Неге сонша қаталсың мен бейбаққа….

Сөзін аяқтата алмады. Көзінен домалаған жалғыз тамшы аяздан домбығып тұрған бетін шымырлата төмен құлдады.

Орман жақтан ашулы жел құйындата соққылады оны. Бейне оған: «Өмірдің мәнән біле алмағандардың өз обалы өзінде» деп жауап қатып тұрғандай.

–          һым, «өз обалың өзіңде» дейді ғой, алдыма тек шындықты ту етіп, тура сөйлеп келемін. Ақиқаттан алыстаған емеспін. Сонда неге соққы жедім тұрмастай? Бір рет емес сан рет. Сол ма сенін бар мәнің?

–          Иә, иә, қиналғаның көрініп тұр. Алайда тірісің ғой, бойыңда әлі жаның бар. Төзе біл!,- деді өмір. Бұл жолы тек самал желмен аялай ғана сипап өтті бетінен.

–          Төз деймісің өмір-ау. Осы кезге дейін төзе білмесем бұл жерде отырмас едім ғой. «Төзім тамаша қасиет. Бірақ ұзақ төзуге уақыт жоқ» дейді М. Әуезов.

–          Көтер басыңды, өмірге арытпа өкпеңді. Мен сенің қолыңдағы ақ парақпын. Қалай жазсаң солай қалам архивте. Ақиқаииан ауытқымаған өзіңді аямаған мен емес, ол – қоғам. «ізгі және қажетті жұмыс істеген адам басқа адамнан жоғары тұру керек» деп әл-Фараби бабамыз бекер айытпаған. Сен де бағаланасың. Бүгін болмаса да ертең, ертең болмаса болашақта.

Журналист орнынан тұрды да үйіне қарай аяңдады. Табиғат ана да өмірмен бірге оған дем бергендей манаурай қалды. Ол жүріп барады, күліп барады. «– баса берсем басыла береді, соққылай берсем мақтап шыға келеді,- дейді ғой. Армандапты. Жанымды алса да жағымпаз болмаймын. Ха, ха, ха….» Қатты күлді. өзіне риза болып, келер күнге тағы бір тың тақырып тапқандай, соны құп көргендей басын шұлғып барады. Жұріп барады, күліп барады.

Алдыңғы орындық

Posted: Сәуір 26, 2011 in Uncategorized
Кілтсөздері:,

Демалыс күндері Ұлжанда тұратын туысқанымның үйіне барып тұрамын. Сол әдетімше 124-автобусқа шықтым.  Шыға сала алдыңғы орындықта отырған өзіміз қатарлас  қазақ сұлу қызына көзім түсті. Ұялы телефонын жаңа көргендей үңіле қарап отыр. Басын көтеруден қорқып отырғанын сезіп күлкім келді де сәл артқа жылжыдым.  Атакентке жетпей-ақ автобус іші лық толып ысып кетті. Көпшілігі жастар, орта жастағы тәтелер мен ағалар  еді. Алайда алдынғы орындық босамады. Абай даңғылына барғанда жүзін әжім басқан, көзі мейірімге толған ақ жаулықты ана кірді автобус есігінен. Екі көзім әлгі «аруда». Алдынғы орындық босамады. Кірпіктерін жиі қағып мазасызданып тұрған анаға қарап шыдамадым да: «Әжейге орын беріңізші!» дедім ақырын түртіп. Бетіме қарады да ….. Read the rest of this entry »